+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Қазақстанда 5 млн адам спортпен айналысады - Асқар Мамин

2019 жылғы 18 қыркүйек 15:36
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 5 млн адам спортпен айналысады - Асқар Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық олимпиада комитеті елімізде спорттың қарқынды дамуына үлкен үлес қосып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық олимпиада комитеті Бас ассамблеясының отырысында ел Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Денис Тен мемориалында Морис Квителашвили топ жарды Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» және «Аят» элиталық кезеңге жолдама алды Халықаралық шахмат турнирінде қазақстандық оқушылар командасы күміс жүлде алды

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытының арқасында Тәуелсіздік жылдары қазақстандық спортшыларды дайындаудың тиімді жүйесі құрылды. Алғаш рет 1994 жылы норвегиялық Лиллехаммер қаласында өткен Олимпида ойындарына қатыса бастаған кезеңнен бері ұлттық құрама 71 медаль жеңіп алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында бұқаралық спортты дамыту міндетін қойды. Бүгінгі күні елімізде дене шынықтыру және спортпен 5 миллионға жуық адам айналысады»,- деді отырыс барысында Үкімет басшысы.

Премьер-Министр елімізде халықтың арасында спорттың жаппай таралуына үлкен мән берілетіндігін атап өтті. Оған барлық жағдай жасалған. Жаңа спорт нысандары ашылуда. 38 мыңнан астам әртүрлі деңгейдегі спорт кешендері бар. Ал балаларға 471 спорт мектебінде спортпен айналысуға мүмкіндік жасалған.

«Осы іске асырылып жатқан шаралардың барлығы салауатты ұлтты қалыптастыру мен дамытудың негізі болып саналады. Қазіргі таңда балалар және жастар спорты, бұқаралық спорт, кәсіби спорт жан-жақты дамуда. Осы ретте спорттың елімізде қарқынды дамуына Ұлттық олимпиада комитеті үлкен үлес қосуда», - деді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT