Қазақстанда 480 кәсіптік стандарт әзірленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 480 кәсіптік стандарт әзірленді. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықтық әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«35 салалық бағытқа жүргізілген сараптаманың қорытындысы бойынша 6106 кәсіп анықталды. Ал 480 кәсіптік стандартты әзірлеу арқылы 2784 кәсіпті жабу жоспарланып отыр»,- деді министр ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өтіп жатқан Кәсіптік стандарттар әзірлеу мәселелері жөніндегі ұлттық кеңес отырысында.

Оның атап өтуінше, 2018 жылы жоспарланған 550 кәсіптік стандарттың 70-і бекітілген. Биыл министрлік 36 салалық біліктілік және 35 салалық бағыт бойынша 480 кәсіптік стандарт әзірлеу келісімшартын жасасқан. Осыған орай «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ базасында жобалық кеңсе құрылған. Мұнан бөлек, 11 мемлекеттік органның жанында вице-министрлердің жетекшілігімен жобалық топтар жұмыс істейді. Олардың құрамына салалық қауымдастықтардың, Ұлттық палатаның, жетекші салалық кәсіпорындардың, білім ордаларының өкілдері кіреді.

«Кәсіптік стандарт әзірлеу сапасына бақылау қамтамасыз етілді. 4 желтоқсандағы жағдайға сәйкес, 36 салалық біліктілік шегі бекітіліп, 480 кәсіптік стандарт әзірленді. 391 кәсіптік стандарт Ұлттық палатаның бекітуіне түсті», - деді Б.Нұрымбетов.

Соңғы жаңалықтар