Қазақстанда 466 мыңға тарта мүгедектер өмір сүріп отыр - А. Самақова

None
None
АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Қазақстанда 466 мыңға тарта мүгедектер өмір сүруде. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде «Оқшауланудан теңдікке қарай: Қазақстанда мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыру» атты 2009 жылғы Адам Дамуы туралы Ұлттық Есептің таныстырылымы барысында депутат Айткүл Самақова айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі күні Қазақстанда 466 мыңға тарта мүгедектер өмір сүріп отыр. Бұл жалпы халық санының шамамен алғанда 3 пайызына жуық көрсеткіш болып табылады. Барлық мүгедектердің 75,4 пайызы негізінен еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар болса, 17,5 пайызы балалар», деді А. Самақова. Депутаттың айтуынша, Қазақстандағы мүгедектер Конституцияда және басқа да заңнамада көрсетілген әлеуметтік-экономикалық, жеке құқық пен бостандықтың барлық ерекшеліктерін иеленеді. Ал мүгедектерді қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң аясында реттеледі. Бұл заңнан басқа да заң актілерінде мүгедектерді қорғау мен олардың еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған нормалар қамтылып отыр.

«2010 жылдың қаңтарынан бастап арнайы әлеуметтік қызметтерге бағытталған тағы бір заң күшіне енеді. Онда ауыр өмір жағдайын бастан кешіріп отырған жандарға, мүгедектерге қатысты қызметтер қамтылып отыр. Ал Әкімшілік кодексінде аталған заңдардың орындалу жауапкершілігі де көзделген», деді ол. 

Соңғы жаңалықтар