Қазақстанда 442,5 мың адам жұмыссыз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар айында жұмыссыздар саны 442,5 мың адамды құрады, бұл жалпы жұмыс күшінің 4,8% құрайды (2018 жылдың желтоқсанында 4,9%). Бұл туралы ҚР Ұттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл қаңтар айының соңында еліміздің жұмыспен қамту органдарында 111 мың адам, яғни елдің экономикалық белсенді тұрғындарының 1,2% жұмыссыз ретінде ресми тіркелген.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2018 жылдың қазан-желтоқсан айларында 25,1 мың адам немесе жалпы жұмыс күшінің 0,3% құрады.

Қазақстан экономикасында 2019 жылы 8,7 млн адам қамтылған. Соның 6,6 миллионы немесе 76,1% жалдамалы жұмысшылар.

Былтырғы IV тоқсанның деректеріне сүйенсек, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың ішінде еңбек өнімділігі жоғары адамдардың үлесі - 90,9%, өнімділігі төмен адамдардың үлесі 9,1% болды.

Соңғы жаңалықтар