Қазақстанда 43 градус аяз болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 2 қаңтар күні Алматы облысында ауа температурасы - 20-25, облыстың солтүстігінде 30 градусқа дейін күрт төмендейді.

Жамбыл облысының солтүстігінде 25-30 градус аяз болады.

2-3 қаңтар күндері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында 32-37, кей жерлерде 42 градус аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысында 2-4 қаңтар аралығында 32-37, кей жерлерде - 43 градус қатты аяз күтіледі.Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%.



Соңғы жаңалықтар