Қазақстанда 420 мыңнан астам адам вакцинаның 2 дозасын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 420 мыңнан астам адам вакцинаның 2 дозасын алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізде білесіздер, Қазақстанда вакцинация осы жылдың ақпанында басталды. Бүгінде қазақстандықтарға 2,3 млн доза вакцинацияға қолжетімділік қамтамасыз етілген. 1 сәуірден бастап вакцинация қарқынын 12 есеге арттырып, яғни, тәулігіне 11 мыңнан бүгінде 135 мыңға жеткізіп отырмыз. Қазіргі уақытта бізде бізде үш вакцина бар және азаматтарға таңдау мүмкіндігі беріліп отыр. Олар - «Спутник V», QazVac және Hayat Vaх. Вакциналар Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Министрдің атап өтуінше, бүгінге дейін 1 507 389 азамат вакцинаның 1-компонентін, 422 279 адам 2-компонентін алды. Сонымен қатар ол еліміздің барлық медициналық ұйымдарын қажетті температура режимімен қамтамасыз ету, мұздатқыш жабдықтарын сатып алу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгендігін атап өтті.

«Ең маңыздысы мобильді екпе жасау бригадасы оқытылды. Қазіргі уақытта шамамен 11 мың медицина қызметкері вакцинация процесін қамтамасыз етуде. Елімізде 1,4 мың егу пункті құрылды. Оның ішінде 400-і көшпелі пункт. Олар еңбек ұжымдарына, сауда үйлеріне, ірі сауда орталықтарына барып екпе жасайды. Сондықтан да вакцинациялау барысы қарқынды жүргізіліп жатыр деп айта аламыз. Ел тұрғындарының вакцинаға деген сенімі де артып келеді», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар