Қазақстанда 42 млн SIM-картаны тіркелген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко Imei қызметінің мүмкіндіктерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізінен тексерістің үш түрін жүргізуге болады: телефон тіркелді ме, жоқ па және ЖСН телефонға бекітілген бе – анықтап алуға мүмкіндік бар. Сонымен бірге, компанияларда (операторлық) қанша ЖСН-нің тіркелгенін білуге болады. Бұл қызметке көптің назары ауып, қазақстандықтар белсенді түрде өз нөмірін тексере бастады», - деді Виталий Ярошенко ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, Комитет төрағасы біздің елімізде қанша сим-карта сатылғанын айтып берді.

«Қазақстан бойынша ұялы операторлардың абоненттерінің мәліметтер базасына статистика жүргізіп көрдік. Біздің елімізде 18 миллион адам ғана тұрғанымен, осы уақытқа дейін 42 млн сим-карта сатылып алынған. Тиісінше, статистикаға сүйенсек, әрбір қазақстандықта 2-3 SIM-картадан бар деп есептей беріңіз. Бірақ, бұл орташа есеп. Шындығында, бір адамның атында кейбіреулердің атында 30-40 мың симкадан бар», - дейді ол.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Виталий Ярощенко ұялы байланыс қызметінің үзілу себебін атаған болатын.

«Естеріңізде болса, былтыр жыл бойы түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Сол кезде телефон нөмірлерін тіркеу туралы ескертулер жасалды. Себебі, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сим-картаны жоғалтып қана қоймай, телефонға автоматты түрде тіркелмеген сим-карта бекітіліп кетеді. Тиісінше, бекітілген мәліметтердің барлығы ІМЕІ-кодтардың мәліметтер базасына келіп түсті. Операторлар телефоныңызға қызмет көрсету кезінде мәліметтер базасындағы ақпаратты телефоныңыздағы мәліметпен салыстырады. Сәйкессіздік анықталса, оператор мұндай құрылғыға қызмет көрсетуді тоқтатады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар