+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қазақстанда 4 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылғы 3 желтоқсан 20:40
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 4 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 4 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 6 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу Елімізде 5 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу Қазақстанда 30 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де BSI стандарттарының Британдық институты сарапшы Саймон де Грей мырзамен кездесу өтеді.

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

Сағат 10.00-де «Технологияларды коммерциализациялау - ғылым мен бизнесті интеграциялау құралы» тақырыбында үшінші халықаралық форум өтеді. Шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қор дирекоры Ә. Исекешевтің, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары және Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламеті, «Атамекен» РПО басшылығының қатысуымен өтеді.

Сағат 10.00-де АХҚО ғимаратында (ЭКСПО) UMAY Boost 2.0 оқуына қатысушылар жобаларын тапсырады.

Сағат 10.00-де «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев азаматтарды қабылдайды.

Сағат 15.00-де Елбасы кітапханасында «Туған жер – тұнған тарих» атты үздік музейлік сабаққа қалалық педагогтар шеберлігі байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер академиясының мүшесі, Суретшілердің Еуразиялық гильдиясының (Лондон, Ұлыбритания) мүшесі Айгүл Саитованың жеке көрмесі ашылады.

Сағат 16.15-те Сенатта Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 17.00-де Тәуелсіздік сарайында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Сағат 18.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған, қорытынды акция өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Философия, саясаттану және дінтану институтымен және Алматы қаласы әкімінің «Коғамдық келісім» КММ-мен бірлесіп «Теориялық және әдіснамалық» тақырыбында VIII қалалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Сағат 10.30-да Еуразиялық Азық-түлік корпорациясының Алматыдағы танымал азық-түлік өнімдерін өндіруге арналған жаңа жылдық баспасөз туры өтеді. Шара барысында бие сүтімен бірге жаңа бірегей өнімнің тұсаукесері өтеді.

Сағат 11.00-де Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында діни экстремизм мен терроризмге қарсы әлеуметтік бейнелер байқауының марапаттау рәсімі өтеді.

Саға 11.00-де Педиатрия ғылыми орталығында Smart мектеп-2 ақылды сыныбының ашылуы өтеді.

Сағат 12.00-де MMA Media CAFE-де Қазақстанның EMA 2019 басты музыкалық сыйлығы дирекциясының баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 12.00-де Қазақстан Баспасөз клубында Қазақстандағы «Бақытты отбасы» пилоттық жобасының аяқталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Жоба аясында еліміздің 8 аймағында отбасылық соттардың жанынан Отбасылық ресурстарды қолдау орталықтары жұмысы бастайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT