Қазақстанда 4,5 магнитудалы жер сілкінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 11 наурызда 13 сағат 06 минут 54 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 290 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы 11.1. MPV магнитудасы 4.5. Тереңдігі 20 км», - делінген хабарламада.

Жер дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар