Қазақстанда 39 204 жүкті әйел Pfizer вакцинасын салдырған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 496 050 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналының хабарлауынша, коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 - ші компонентін 9 267 945 адам салдырды.

2022 жылғы 19 мамырда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 127 529 адам, ІІ-ші дозасын 1 002 274 адам салдырды.

Оның ішінде І-ші компонентін 842 435 жасөспірім, 39 204 жүкті әйел, 139 561 бала емізетін әйел салдырған..

ІІ-ші компонентін 788 370 жасөспірім, 34 945 жүкті әйел, 127 670 бала емізетін әйел салдырды.


Соңғы жаңалықтар