+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстанда 376 жедел жәрдем автомобилі шығарылды

2020 жылғы 20 қазан 13:11
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 376 жедел жәрдем автомобилі шығарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Жедел жәрдем автомобильдерін өндіру көрсеткіштерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан зауыттарында 376 жедел жәрдем автомобилі шығарылды, оның 220-сы ел өңірлеріне жеткізілді (Алматы – 35, Нұр-Сұлтан – 14, БҚО – 20, Ақмола – 30, СҚО – 18 , Қостанай – 26, Ақтөбе – 19, Атырау – 22, Павлодар – 16, Маңғыстау – 20), Қазрігі уақытта қалған 156 көлік жіберілді», - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Аталған бағдарлама аясында 5 қарашаға дейін 1 167 дана санитарлық көлік жеткізіледі.

Сонымен бірге, 63 дана жылжымалы медициналық кешен дайындалған.

«Бүгінде 45 дана медициналық кешені жөнелтілді, оның

25 данасы өңірлерге жеткізілді. Қалған 18 кешен ертең жөнелтіледі. Оның 37 данасы әлі өндірісте және 23 қазанға дейін пайдалануға беріледі», - дейді Б. Атамқұлов.

Рентген аппараттарын сатып алуға қатысты, жергілікті атқарушы органдар «Ақтөберентген» акционерлік қоғамымен 49 дана рентген аппараттарын өндіру туралы келісімшарт бекіткен.

«Алғашқы 12 аппарат 9 қазанда Ақтөбе қаласына жеткізілді. Қалған 37 аппарат 30 қазанға дейін жіберіледі. Бұл аппараттар Түркістан, Ақмола, Алматы, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарына барады», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT