Қазақстанда 36,4 млрд кВт/с электр энергиясы өндірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейінгі аралықта электр энергиясын өндіру көлемі 36,431 млрд киловат-сағатты құрады. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,6% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес, есепті кезеңде 40,36 млн гигакалорий жылу энергиясы өндірілді (2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,1% артық), сумен қамтамасыз ету қызметтерінің көлемі 892,291 млн текше метрді (+6,7%) құрады.

Авторы Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар