USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Қазақстанда 35 ПТР сынамасы омикрон штамына зерттеліп жатыр

2021 жылғы 8 желтоқсан 12:52
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 35 ПТР сынамасы омикрон штамына зерттеліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы коронавирустың омикрон штамын анықтау жұмысын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: «Омикрон» штамы Ресейдің 60-тан астам ауданынан анықталды Омикрон штамы мутацияға ұшырап, тез өзгереді – атыраулық дәрігер Тілепберген Хамзин Әзербайжанда төрт аптада коронавирус жұқтырғандардың 40%-ынан «омикрон» табылды

«Екі айда бір рет қаланың эпидемиологиялық қызметі, бүкіл республика секілді қандай вирус басым екенін бақылау үшін коронавирус инфекциясының штамдарын анықтау және зерттеу бойынша мониторинг жүргізеді», - деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ПТР-сынамалардың бірқатары зерттеу сатысында тұр.

«Қазіргі уақытта «омикрон» әлемнің көптеген елдерінде таралғандықтан, біз Денсаулық сақтау министрлігі мен санэпидбақылау комитетінен оң ПТР-зерттеу сынамаларын секвиндеу үшін зертханаға жеткізу туралы тапсырма алдық. Бүгінгі таңда біз материалды Сараптама орталығы зертханасының Нұр-Сұлтандағы филиалына жеткіздік. Яғни, қазір 35 сынама зерттеу сатысында тұр. Соның нәтижесінде біз елордада және жалпы республика бойынша «омикрон» айналымы бар-жоғын айта аламыз. Бұл жұмыс жалғасып жатыр», - деді С. Бейсенова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT