+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Қазақстанда 316 мың тонна шитті мақта жиналды – ҚР АШМ

2020 жылғы 19 қараша 12:00
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 316 мың тонна шитті мақта жиналды – ҚР АШМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанда мақта жинау науқаны аяқталғанын хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да шаруа қожалығы балдыр өсіріп, жемазық ретінде қолдануда Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады Ақмола облысында үш ауысымда оқыту мәселесі біртіндеп шешілуде

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі уақытта елімізде 316 мың тонна шитті мақта жиналды, бұл жоспарланған көлемнің 95%.

Орташа өнімділік гектарына 24,3 ц құрады, өнімнің 84%-ы комбайндардың көмегімен жиналды.

Өнімділік бойынша Түркістан облысының Ордабасы (30,2 ц/га) және Мақтаарал (25,0 ц/га) аудандары көш бастап тұр.

Шаруалар өсірілген және жиналған өнімді 18 мақта өңдеу зауытының 166 қабылдау пунктіне өткізіп жатыр.

Айта кету керек, биыл әртараптандыруға байланысты мақта дақылдарына арналған егіс алқаптары 5,5 мың гектарға азайды. Нәтижесінде көлем 131,2-ден 125,8 мың гектарға дейін қысқарды. Бұл бағаның өсуіне ықпал етті. Қазір шитті мақта тоннасына орта есеппен 160-165 мың теңгеден қабылдануда. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 25%-ға жоғары.Былтыр 130 мың теңгеден бағаланған болатын.

Бағаның өсуі мақта өсірумен айналысатын 125 мың қазақстандықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

Бұрын хабарланғандай, мақта шаруашылығын қолдау үшін мемлекет ағымдағы жылы төмендетілген бағамен 76 мың тоннадан астам жанар-жағармай, сондай-ақ мың тонна тұқым, 80 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыштар, 183 мың литр пестицидтер және зиянкестерге қарсы қолданылатын 207 мың бірлік биоагенттер бөлді.

Жалпы алғанда, 2020 жылы ҚР Үкіметі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі 30 мың ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау көрсетті. Сонымен қатар, жалпы құны 6 млрд теңге болатын 891 ауыл шаруашылығы техникасы үшін 1,2 млрд теңге инвестициялық субсидия төленді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT