Қазақстанда 31 желтоқсаннан бері 71 нысан карантин талаптарын бұзған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар орталығында өткен елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы брифингіде ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантин талаптарын бұзушылар әлі де көп екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлерде карантиндік шаралардың сақталуын тұрақты бақылап отырмыз, талаптарды бұзушылар әлі де көп. Мысалы, мерекелік күндерде 31 желтоқсаннан бастап 804 рейд жүргізілді, 4 618 нысан қамтылды, оның ішінде 71 нысан талап бұзған, 65 әкімшілік айыппұл салынды», - дейді ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Сондай-ақ, ол карантин кезеңінде қызмет көрсетуге тыйым салынған объектілер жұмыс істеп тұрғанын, шектеу режимі сақталмаған, адам көп жиналатын шаралар өткізгендер бар екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар