Қазақстанда 31 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 31 қазан күні өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09:30-да Назарбаев орталығында «Шапағат» республикалық форумының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Сағат 09:30-да «Marriott» отелінде ЕО/БҰҰ ДБ/БҰҰ ЕЭК бірлескен жобаларының «Жасыл экономика моделіне өтудегі Қазақстанның қолдауы» конференциясының соңғы кезеңі басталады.

Сағат 10:00-де Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандарға баспасөз турын өткізеді.

Сағат 10:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

Сағат 10:00-де «Думан» қонақ үйінде халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Контрафактілі өнімдердің айналымына қарсы күрес. Келтірілген шығынды бағалау әдістемесі» атты семинар ұйымдастырылады.

Сағат 11:00-де «Көрме» орталығында денсаулық сақтау бойынша «AstanaZdorovie 2018» көрмесі өтеді.

Сағат 12:00-де «ҚазМұнайГаз» ғимаратында Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының он бесінші отырысы басталады. Шараға екі елдің Энергетика министрлері қатысатыны күтілуде.  

Сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан қаласында «Елбасы Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Түркістан қаласын дамыту барысы» тақырыбында  көшпелі баспасөз конференциясы өтеді. Спикер ретінде Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысатыны жоспарланған.

Сағат 15:00-де ҚР СІМ-де Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративті Республикасындағы Елшісі Қайрат Саржановтың «Қазақстан мен Бразилияның ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегі» тақырыбында брифингі ұйымдастырылады.

Сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында әлемге әйгілі тарихшы Рашид ад-Дин Хамаданидің тұңғыш рет қазақ тіліне аударылған «Жамиғ ат-тауарих» 5 томдығының тұсаукесері өтеді.

Сағат 16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның отын-энергетикалық кешенін цифрландыру» тақырыбында  баспасөз конференциясы өтеді. Шарада ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов болады.


АЛМАТЫ

Сағат 10:00-де ҚР БҒМ Философия, политология және дінтану институтында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық тобының кеңейтілген отырысы басталады. Жиында Қазақстан Президентінің 5 қазандағы халыққа Жолдауы талқыланады.

Сағат 10:00-де «Атакентте» тамақ және агроөнеркәсіптік саламен байланысты бес көрменің ашылуы болады.

Сағат 11:00-де «Rixos» отелінде «Мейірімділік мекені» атты халықаралық қайырымдылық жобасының таныстырылымы өтеді.

Сағат 11:30-да Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Алматы қаласы бойынша цифрлық телехабар таратуға кезең-кезеңмен өту» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 12:00-де «БЖЗҚ» АҚ-да бірыңғай зейнетақы жинағы жүйесінің өзекті мәселелеріне арналған брифинг басталады.


ТҮРКІСТАН

31 қазан күні Түркістан қаласында «Түркістан: Жаңа ақпараттық кеңістік» атты халықаралық журналистер форумы өтеді. Алқалы жиынға шетелдік және отандық БАҚ өкілдерінің басшылары, журналистер, сарапшы мамандар қатысады. Форум аясында "TURKISTAN MEDIA" Халықаралық орталығы ашылады. Сондай-ақ, шетелдік БАҚ өкілдерімен меморандумға қол қойылады.


ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 18:00-де Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай облыстық филармония залында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері Күлән Қалымбетованың «Айқаракөз» атты концерті басталады.


КӨКШЕТАУ

Сағат 15:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «SMART Рухани жаңғыру» мобильдік қосымшасын таныстыру» тақырыбында брифинг өтеді. Шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова және «ІТ-Expert.Asia» ЖШС директоры Алексей Николаев қатыстады.

Соңғы жаңалықтар