Қазақстанда 3000 жылдық тарихы бар пирамида қалпына келтірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылық археологтар қола дәуіріне тиесілі Сарыарқа пирамидасын қалпына келтірді. Бұл туралы археолог Виктор Новоженов Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаз бойы И.А.Кукушкиннің жетекшілігімен экспедиция, ал күзде тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі археолог А.З. Бейсеновтің жетекшілігімен бір топ мамандар Сарыарқа пирамидасы жобасын аяқтады. Ендігі кезекте елдің туристік картасында ерекше тарихи орын пайда болды!»,- дейді Виктор Новоженов.

Айта кетейік, Сарыарқа пирамидасы мемлекет қорғауына алынған. Археологтар қазба жұмыстары кезінде осыдан 3200 жыл бұрын өмір сүрген ежелгі адамдардың сүйегін,  қолданған тұрмыстық заттарын тапқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар