+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Қазақстанда 300-ден астам автобус апатынан 51 адам қаза тапқан

2019 жылғы 19 қыркүйек 18:38
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 300-ден астам автобус апатынан 51 адам қаза тапқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы уақытта қоғамдық көліктің қатысуымен болатын жол апаттары жиі орын алып жүр. Биыл автобус жүргізушілерінің кінәсінен 316 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 51 адам қаза тауып, 316 адам зардап шекті. Бұл жөнінде ҚР ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
ІІМ Алматы облысында автобустың апатқа ұшырауына не себеп болғанын айтты Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады «Алматы-Өскемен» жолында Моңғолия азаматтары мінген автобус аударылды

Осындай апаттардың орын алуына, ең алдымен, жүргізушілердің жол қозғалысы тәртібін сақтамайтыны, мақсатты профилактикалық жұмыстардың жүргізілмеуі және жолаушылар көлігін жолға шығаруға жауапты лауазымды тұлғалар тарапынан бақылаудың жоқтығы себеп болып отыр.

«Автопаркте жеткілікті жұмыс тәжірибесі жоқ жүргізушілерді, кейде жалған жүргізуші куәлігімен келгендерді жұмысқа қабылдау фактілері жиі кездеседі. Қоғамдық көлік жүргізушілері жолаушылар тасымалын жүзеге асырады, олар көлік рөліне отырған кезде көп адамның өмірі үшін жауапты болады. Сондықтан автобус жүргізушілерін жұмысқа қабылдау кезінде құжаттарын, сондай-ақ көлік құралдарын мұқият тексеру қажет» делінген хабарламада.

ІІМ кәсіпкерлік субъектілерін жүргізушілерді жұмысқа қабылдау кезінде міндетті түрде көлік құралын жүргізуге құқық беретін тиісті санаттың және жұмыс өтілінің бар-жоғын тексеруге шақырады.

ІІМ өз кезегінде көлік ұйымдарынан келіп түскен сұрауларға байланысты жүргізушіде көлік құралын жүргізуге құқық беретін ашық санаттардың бар-жоғы туралы ақпаратты ұсынуға дайын.

Айта кетейік, D санаттағы жүргізуші куәлігі жасы 25 жасқа толған және кемінде 5 жыл жүргізуші өтілі бар, оның ішінде D1 санатындағы көлік құралдарын басқару өтілі 3 жылдан кем емес тұлғаларға беріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT