Валюта бағамдары:
    usd/kzt 433.3 eur/kzt 464.19

    rub/kzt 6.48 cny/kzt 64.56
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қазақстанда 30 жылдағы ең жылы желтоқсан айы 2021 жылы болды

2022 жылғы 25 қаңтар 11:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың желтоқсаны республика аумағында жылы болды, елдің оңтүстік-батыс бөлігінде көктемгі температура сақталды. Бұған Иран мен Орталық Азиядан жиі ығысқан жылы ауа массалары себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жер бетіндегі қабатта оңтүстік және солтүстік-батыс циклондармен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің көп мәрте өтуімен ауа райының құбылмалы сипаты байқалды. Республиканың көп бөлігінде айдың екінші жартысында қар жауып, боран соқты, арасында қатты жауын-шашын болды.

Елдің оңтүстік бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауды. Оңтүстік-шығыс, шығыс өңірлердің таулы және тау бөктерлі аудандарында алғашқы он күннің соңында 18 мм-ге дейін қатты жауын-шашын тіркелді. Айдың ортасында Түркістан облысында 25 мм жауын-шашын түсті, сонымен қатар тұман мен көктайғақ тіркелді.

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы нормадан 1-6 градусқа жоғары, тек елдің шығыс пен оңтүстік-шығыс бөлігінде климаттық нормаға сай болды.


Автор:

Бибіхан Серікова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар