+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін жергіліктендіреді - Асқар Мамин

2021 жылғы 4 наурыз 18:36
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін жергіліктендіреді - Асқар Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында Қазақстанның фармацевтикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында ауру жұқтыру көбейген Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің желіде тараған жаңа қаулысы - фейк Қазақстандық вакцинаны құю процесі Түркияда жүргізіледі

Қазақстанда тіркелген Канада елшісі Николя Бруссо, Ұлыбритания елшісі Майкл Гиффорд, АҚШ елшісінің орынбасары Теодор Линг, уақытша сенімді өкіл, Швейцария елшілігі миссиясының басшысы Стефан Клетзли, АҚШ Үкіметінің медициналық зерттеулер және әзірлемелер жөніндегі ұйымының қызметкері Дональд Таунсенд, сондай-ақ Pfizer, Johnson&Johnson, Dr.Reddy’s Laboratories, Microsoft компанияларының өкілдері ҚР-да фармацевтика өнеркәсібін дамыту перспективалары туралы баяндама жасады. Қазақстан тарапынан денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов түсініктеме берді. Шетелдік өкілдер Қазақстанның пандемиямен күрес және фармацевтикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылдап жатқан шараларына жоғары баға берді, сондай-ақ ҚР денсаулық сақтау жүйесін және дәрілік препараттар мен медициналық жабдықтарды жеткізу тізбегін одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар ұсынымдар айтты.

«Қазіргі пандемияға және болашақ эпидемиологиялық сын-тегеуріндерге қарсы күресте ел әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды», — деді А. Мамин. Құжат 2025 жылға қарай отандық фармацевтикалық препараттар өндірісін 92-ден 230 млрд теңгеге дейін 2,5 есеге арттыруды көздейді. Отандық фармацевтикалық өнімнің ішкі нарықтағы үлесі заттай көріністе 50%-ға дейін артады. Жоспарды іске асыру аясында бизнестің клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтар жүргізуге жұмсалған шығындарын өтеу, негізгі тауар позицияларын, әлеуетті тауашаларды, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық ұсыныстарды айқындау секілді шаралар қабылданады. Нақты пациентке дейін дәрі-дәрмектер логистикасының барлық кезеңдерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды міндетті таңбалау мен олардың қадағалануын кезең-кезеңімен енгізу көзделген. «Инвестицияларды тарту – ҚР фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту бойынша алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудің негізгі құралы. Қазақстан аумағында фармацевтикалық өнім өндірісін жергіліктендіруді қамтамасыз ете отырып, 30 шетелдік компанияны тарту бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді А. Мамин.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT