Қазақстанда 30 мыңнан астам IT маман жетіспейді - Асқар Жұмағалиев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының нәтижесін баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күні ел тұрғындарының цифрлық дағдысы - 82,1%. Осы жоғары көрсеткіштің арқасында еліміз цифрландыру бойынша жақсы жетістіктерге қол жеткізуде.

«Жалпы алғанда, ІТ саласындағы адами капиталдың дамуы арқасында бүгінгі күні «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 802,5 млрд теңге экономикалық тиімділікке қол жеткізілді. Әртүрлі салаларда 120 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Отандық стартаптарға 38 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды», - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Оның айтуынша, халықаралық рейтингтерде жақсы жетістіктер бар.

«Бүгінгі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасын орындау аясында мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізіліп отыр. Оның ішінде бизнесті, экономика салаларын цифрландыруға баса көңіл бөлінеді. Нақтырақ айтқанда экономиканы цифрландырудың басты драйверлері ретінде 10 технологиялық платформа іріктелді. Осының нәтижесінде жаңа жоғары технологиялық компаниялар пайда болады. Ол үшін бірінші кезекте жоғары білікті IT-мамандар керек. Бүгінгі күннің өзінде IТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік - 30 мыңнан астам адам», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар