+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Қазақстанда 30 мыңға жуық дарынды бала бар - Бердібек Сапарбаев

2019 жылғы 3 қараша 14:49
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 30 мыңға жуық дарынды бала бар - Бердібек Сапарбаев

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат –Дарынды жастарды ұлықтайтын Ақтөбедегі марафонға бес облыстың үздіктері жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның жас сценаристері, клипмейкерлер мен режиссерлері әлемдік мамандардың қызығушылығын туғызып отыр Дәурен Абаев «Z» ұрпағын сипаттап берді Түлкібас ауданында «Жастар аллеясының» ашылу салтанаты өтті

Марафонға қатысушылар ретінде бизнес, мәдениет, спорт немесе медицина саласында белгілі бір жетістіктерге жеткен жас буын өкілдері тартылады. Олар өздерінің мамандық таңдауы, өмір жолы, қалыптасуы мен дамуы туралы әңгімеледі.


«Әрбір мемлекеттің болашағы, дамуы оның білімді, ойшыл жастарына байланысты. Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы «Біз дамыған 50 елдің қатарына кірдік, мақсатымыз 30 елдің қатарына кіру» деп айтқан болатын. Ол үшін жасампаз, ойшыл жастар болуы керек. Өйткені осы заманда бәсекелестік тек экономикада емес, адамдар арасында да болуы тиіс. Қай мемлекетте алғыр жастар болса сол ел бәсекелестікке төтеп береді. Қазақстанда жастар үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Әр өңірде Назарбаев зияткерлік мектебі бар. Назарбаев университеті де дарынды балаларға арналған. Қазіргі таңда Қазақстанда 30 мыңға жуық дарынды бала бар, 100-ге жуық дарынды балаларға арналған мектептер жұмыс істейді. Биыл Қазақстанның мыңға жуық жасы көптеген халықаралық олимпиадада, конкурстарда жеңімпаз атанды. Оның ішінде 300-ге жуығы алтын медаль алды. Математика, химия, биология, физика саласы басым», - деді шараға арнайы қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

Елімізде алғаш рет Өңірлік дарын орталығы Ақтөбеде ашылады. Орталық келер жылы іске қосылады.


«Бүгінгі марафон жас инноваторларды, математик, физик, химикті және бизнес, спорт, мәдениет саласындағы жас мамандарды қолдауға бағытталған. Алдағы уақытта елімізде жаңа жобалар қолға алынады. Ауыл балаларына, дарынды оқушыларға, студенттерге жағдай жасалады. Мәселен, ауыл оқушылары үшін жыл сайын арнайы интеллектуалдық конкурс өткізіп, 1 мың бала іріктеледі. Бүгін бірінші қадам. Негізгі жұмыс әлі алда», - деді «Елбасы» қорының атқарушы директоры Әсет Исекешов.

Айта кетсек, «Eл үміті» – дарынды жастар мен жас көшбасшыларды қолдауға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған республикалық марафон. Жобаның мақсаты – жас таланттарды, новаторларды, білікті мамандар мен кәсіпкерлерді насихаттау.


Марафонға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының музыкалық-шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ «КТА» және «Назар Аудар» әзіл-сықақ командалар қатысуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT