Қазақстанда 30 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 30 қараша күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

14.30-да Оқушылар сарайында Халықаралық атлетика федерацияларының қауымдастығы World Athletics президенті Лорд Себастьян Коэ Қазақстанға ресми сапармен келеді және ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездеседі.

15.30-да World Athletics басшысы Лорд Себастьян Коэ ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Президенті Тимур Құлыбаевпен кездеседі.

17.00-де World Athletics басшысы Лорд Себастьян Коэ ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминмен кездесуі.

17.50-де Оқушылар сарайының жеңіл атлетикалық манежінде Altay Kids Cup ресми ашылу cалтанатын өтеді.

18.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында «Altyn Samǵaý-2019» Жыл сайынғы спорттық жүлдесі табысталады.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында В. Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасы қойылады.

19.00-де Жастар сарайында С. Дүйсекеевтің «Махаббат миниатюралары» театрландырылған концерттік бағдарламасы ұсынылады.

АЛМАТЫ

15.00-де «Grand Park» орталығында Аяз аталар мен ақшақарлар шеруі өтеді.

Соңғы жаңалықтар