Қазақстанда 3 мыңнан аса санақ бұрышы ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан бойынша 3 мыңнан астам санақ бұрышы ашылды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық Халыққа қызмет көрсету орталығында, ірі сауда орындарында, Қазпошта бөлімшелерінде халық санағынан онлайн өтуге арналған бұрыштар ұйымдастырдық. Оларда арнаулы кеңесшілер жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар тарапынан белсенділік байқалады. Біз өз тарапымыздан халыққа барлық жағдай жасауымыз керек. Алғаш рет цифрлық форматта өтіп жатқаннан кейін арнаулы сайт жасадық. Оның жұмысы жақсы жүріп жатыр. Халық тарапынан ынта жоғары. Ал санақтан онлайн өтуге мүмкіндігі жоқ азаматтарға осындай бұрыш ұйымдастырдық. Бүкіл еліміз бойынша осындай 3 мыңнан астам бұрыш ұйымдастырылды», - деді Нұрболат Айдапкелов елордада ашылған бұрыштардың бірінің жұмысымен танысқаннан кейін.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 421 092 респондент онлайн санақтан өтті. 1 216 369 адам sanaq.gov.kz сайтында, 147 702 адам еgov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 57 021 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.

Сауалдарға онлайн жауап беру мүмкіндігі 15 қазанға дейін қолжетімді. Қазіргі уақытта респонденттерге санақтан онлайн режимде өтудің бірнеше жолы қарастырылған: sanaq.gov.kz сайты, e-gov порталында тіркелу және Aitu мобильді қосымшасы.

10 қыркүйектегі жағдай бойынша өңірлерде ашылған санақ бұрыштарының саны:

Нұр-Сұлтан – 9

Алматы – 145

Шымкент – 155

Қостанай облысы – 21

Ақмола облысы – 258

Атырау облысы – 81

Маңғыстау облысы – 31

Павлодар облысы – 253

Жамбыл облысы – 82

Ақтөбе облысы – 172

Түркістан облысы – 485

Алматы облысы – 312

Батыс Қазақстан облысы – 206

Солтүстік Қазақстан облысы – 155

Шығыс Қазақстан облысы – 353

Қызылорда облысы – 325

Қарағанды облысы – 112


Соңғы жаңалықтар