Қазақстанда 3 айда 5,5 млрд жолаушы тасымалданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-наурызында тасымалданған жолаушылар саны 5,519 млрд адамды құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 1,9% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, есептік кезеңде автомобиль көлігімен 5,492 млрд адам (өткен жылдың қаңтар-наурызынан 1,8% көп), трамваймен - 7,208 млн (+6,5%), теміржолмен - 5,187 млн (-0,2%), метрополитенмен - 3,757 млн (+14,7%), әуе көлігімен - 1,604 млн (-8%), басқа да көлік түрлерімен - 268,8 мың (+21%) адам тасымалданған. Сондай-ақ, троллейбус көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 29% артса, суда жүретін көліктерді пайдаланушылар саны 89% азайған.

Осы жылдың қаңтар-наурызында жолаушылар айналымының көлемі 68,161 млрд жолаушы-шақырымға жеткен (+4%).

2019 жылдың қаңтар-наурызында жүк айналымының көлемі 139,412 млрд тонна-шақырымды құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 2,1% артқан.

Автор: Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар