Қазақстанда 3,8 млн жеңіл көлік тіркелген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктер саны 3,8 миллионнан астамды құрады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында 224 421 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,5% көп.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, елімізде тіркелген жеңіл көлік саны 3849,9 мың бірлікті құрады.

Сондай -ақ статистика мәліметіне сәйкес, биылғы қаңтар-наурыз аралығында 2621 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3968 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 4,3% азайды.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, көлік құралдары иелеріне сақтандыру ұйымдары 8,8 млрд теңге сомасына 19 627 сақтандыру төлемін жасады.


Соңғы жаңалықтар