USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Қазақстанда 3,8 млн астам жеңіл көлік тіркелген – статистика

2021 жылғы 16 маусым 01:24
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 3,8 млн астам жеңіл көлік тіркелген – статистика

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстанда 288 055 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 32,4% көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда «ақылды» құрылғылар жол ережесін бұзудың 700-ден астам дерегін тіркеді Астанада автобус жүргізушілерінің кінәсінен 275 жол апаты болды Семейде көлікке қыстырылып қалған екі адам құтқарылды

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ақпаратына сәйкес, 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, елімізде тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы саны 3828,5 мыңды құрайды.

Сондай-ақ ведомстводан мәлім еткендей, жылдың алғашқы төрт айында ел өңірлерінде 3677 жол-көлік оқиғасы болып, 5431 адам зардап шеккен. Өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда апаттылық 10,3% азайды.

«2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 12,2 млрд теңге сомасында 27788 сақтандыру төлемін жүзеге асырды», - делінген Ұлттық статистика бюросының ақпаратында.

Айта кетейік, 15 маусым күні өткен Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда бүгінгі күні 3,9 млн көлік тіркелгенін және олардың 64 пайызының пайдалану мерзімі 10 жылдан асқанын мәлім еткен болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT