Қазақстанда 3.0 заманауи ұлттық төлем жүйесі жасалуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 3.0 заманауи ұлттық төлем жүйесі жасалуда. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов ҚР төлем жүйелері мәселелері бойынша өткен баспасөз мәслихатында хабарлады, деп жазады primeminister.kz.

«Әлемде өте үлкен бәсекелестік орын алды - технологиялық, инновациялық және қаржылық. Сондықтан Ұлттық банк соңғы уақытта болашақтың төлем жүйесі болып табылатын 3.0 төлем жүйесін жасау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде», - деді Қ.Келімбетов.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа жүйе әлемдік жетекші төлем жүйелерімен үйлесімді болмақ.

«Болашақта Қазақстан әлемде жасалған жаңа технологияларға өтуге мүмкіндігі зор», - деп қосты ол.

Сондай-ақ, Ұлттық банк өкілдері Халық банкінің UnionPay International халықаралық төлем жүйесімен бірлесіп шығарған жаңа төлем карточкасының тұсаукесерін өткізді.

Соңғы жаңалықтар