Қазақстанда 29 наурыз күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстанда 29 наурыз күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11.00-де онлайн-көрсетілім форматында ІІМ Тергеу департаментінің бастығы С.Ә. Әділовтың қатысуымен брифинг өтеді.

Брифинг тақырыбы: «Қылмыстық сот төрелігін жаңғырту. Қылмыстық процестің жаңа моделін қолдану нәтижелері», «Адам саудасы фактілерін тергеу, Бахрейндегі жезөкшелікке қазақстандықтарды тарту», «Интернет-алаяқтықты тергеу. Ірі акционерлік қоғамдардың шоттарынан 300 млн. теңгеден астам ақша ұрлаған хакерлерді ұстау».

14.30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясы. Тақырыбы: Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу туралы. Спикерлер: ҚР ҚМ МКК өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды әкімшілендіру және арнайы салық режимі департаментінің директоры Азамат Садықов, ҚР ҚМ МКК өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Олжас Отар. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясы. Тақырыбы: «Қазақстанда COVID-19 қарсы вакцинация: ең өзекті сұрақтарға жауаптар». Спикерлер: Профессор, Америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман, профилактикалық медицина академиясының сарапшысы Жүсіпов Бауржан Сәбитұлы, м.ғ.д., профессор, ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық бағыттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Гуляев Александр Евгеньевич, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық - эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының м.а Смағұл Манар Асырқызы, м.ғ.д., профессор, ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ералиева Ляззат Тасболатқызы, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма Төрағасының орынбасары Қуатбаева Айнагүл Мұханқызы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

АЛМАТЫ

13.30-да Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Өңірлік кеңес төрағасы Максим Барышев үндеу жасап, қалада қалыптасқан жағдайға байланысты бизнес үшін нақты шешімдер ұсынады. Өңірлік кеңес төрағасының үндеуін «Бизнес в Алматы» фейсбук тобында тікелей эфир режимінде тамашалауға болады https://www.facebook.com/groups/AlmatyBiz


Соңғы жаңалықтар