+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Қазақстанда 28 су қоймасы салынады

2020 жылғы 7 сәуір 11:36
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 28 су қоймасы салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 28 су қоймасы салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы өткен жылдың қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында суармалы жерлердің көлемін 3 млн гектарға жеткізуді тапсырды. Осыған байланысты жаңа су қоймаларын салу арқылы қосымша суару көздерін құру қажет. 2030 жылға дейін Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында 28 су қоймасының салынуы көзделіп отыр», - деді министр.

Осы су қоймалары 3,8 текше шақырым көлеміндегі суды жинауға мүмкіндік береді және оған 470 мың гектар суармалы жерді қосуға болады. 12 су қоймасын тек суару үшін ғана емес, сонымен қатар, 70 елді мекендегі су басу қаупін жою үшін де пайдалануға болады.

«Су қоймаларының құрылысы аяқталғаннан кейін ауыл шаруашылығында жаңадан тұрақты 29 мың жұмыс орнын іске қосу мүмкіндігі болады», - деді М. Мырзағалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT