+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қазақстанда 270 мыңға жуық адам тұмауға қарсы екпе алды

2021 жылғы 28 қыркүйек 09:20
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 270 мыңға жуық адам тұмауға қарсы екпе алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 270 мыңға жуық адам тұмауға қарсы екпе алды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тұмау мен коронавирус бір уақытта жұғуы мүмкін – инфекционист-дәрігер Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 618 адам коронавирустан көз жұмды Психиканың бұзылуын емдеуге болады – дәрігер

«15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды. Ағымдағы эпидемиологиялық маусымға бірыңғай дистрибьютор – «СҚ - Фармация» ЖШС тұмауға қарсы вакцинаның 2 526 754 дозасын сатып алды. Бұл республиканың жалпы тұрғындарының 13 пайызын қамтуға мүмкіндік береді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, медицина қызметкерлер, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы жеткіншектер вакцинациямен бірінші кезекте қамтылады.

«Бүгінде шамамен 270 мың адам немесе халықтың екпе алуға жататын санатының 10,5 пайызы екпе алды», - деді Алексей Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT