Қазақстанда 27 мыңнан астам адам короновирустан емделіп жүр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 27 мыңнан астам адам короновирус инфекциясынан емделіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 27 134 адам короновирус инфекциясынан (15 467 КВИ+ және 11 667 КВИ-) емделіп жүр. Оның ішінде 6 576 пациент стационарда, 20 558 науқас амбулаторияда ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 285 адамның жағдайы ауыр;
• 43 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар