Қазақстанда 27 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 27 маусым күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының XVIII сессиясы басталады. Күн тәртібі «Халықтың әл-ауқатының артуы - бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» тақырыбына арналады.

Сағат 10.00-де Comfort отелінің жиын өтетін залында «Қазақстан балаларының құқықтарын қорғау» ұлттық баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 10.00-де «Астана» халықаралық қаржы орталығының Финтех хабында Blockchain Central баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 11.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың борыш жүктемесін азайту шаралары туралы Жарлығын іске асыру бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 11.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде баспасөз мәслихаты басталады.

Сағат 11.00-де Мәжілісте «Қазақстан Республикасының көші-қон процесін реттеу мәселелері бойынша заңнама құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылады.

Сағат 14.30-да Жоғарғы сотта ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 15.00-де «Sputnik Қазақстан» мультимедиялық баспасөз орталығында Қазақстанның ауыл әйелдері облыстық форумдарының басталуына және ауыл әйелдерінің II Республикалық форумын өткізуге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15.00-де «Атамекен» ҰКП-ның Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де «Мәскеу» сауда-ойын-сауық орталығының алдында «Мобильді жұмыспен қамту орталығы" жобасы аясында таныстыру алаңы өтеді. Іс-шараны Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырады.

Сағат 12.00-де С.Сейфуллин атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында Ә. Қастеевтің «Қазақстанның бейнелеу өнері жұлдыздары» атты шағын альбомдар топтамасының тұсаукесері өтеді. Шараның мақсаты - қазақстандық танымал суретшілер: Бәтима Заурбекова, Вячеслав Люй-Ко, Алексей Уткин, Анар Әбжанова мен Шоқан Төлештің туындыларымен таныстыру.

Сағат 14.30-да Almaty Towers бизнес орталығында халықаралық қаржы корпорациясының Лондон кеңсесі басшылығының өкілі - International Finance Corporation, IFC (Дүниежүзілік банк тобы) және Қазақстандағы IFC өкілдігінің басшысының медиа-баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15.00-де Ұлттық кітапханада «Мазмұндама» жобасы аясында «Көшбасшылық» жинақтарының тұсауы кесіледі.

Соңғы жаңалықтар