Қазақстанда 27 мамыр күні өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 27 мамырда өтетін маңызды шаралардың шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 9.30-да Park Inn Hotel Astana қонақүйінде «Зерттеу және консалтинг орталығы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен «Нұр-Сұлтан қаласын 2050 жылға дейінгі дамытудың демографиялық трендтері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 13.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиалық баспасөз орталығында қазақ-эстон қатынастарын дамыту тақырыбына арналған бейнекөпір форматында баспасөз мәслихаты басталады.

Сағат 15.00-де Hilton Garden Inn Astana қонақүйінде «Шағын және орта бизнестің дамуы - Президенттің басты назарында» атты бірінші республикалық конференция ұйымдастырылады.

Сағат 15.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарына ұлттық рейтинг қорытындысы бойынша сертификаттар табыс ету рәсімі өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу иснтитутында «Обырды ерте диагностикалаудың заманауи мүмкіндіктері» тақырыбында баспасөз-тур басталады.

Соңғы жаңалықтар