Қазақстанда 26 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 26 маусымда өтетін маңызды шаралар легін ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АСТАНА

Сағат 10.00-де «Астана Орманы» ЖШС-ға тиесілі елорданың жасыл белдеуінің «Соқпақ жол торабы» веложолының аумағында «Астана кубогы» республикалық жарысы аясында веложарыс өтеді.

Сағат 10.00-де Үкімет отырысы басталады.

Сағат 10:00-де Парламент Сенатының Қаржы және бюджет бойынша комитетінде «Қазақстан Республикасындағы венчурлық қаржыландыру мәселесі бойынша кейбір заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланады. 

Сағат 10:00-де Парламент Сенаты Аграрлық, табиғатты пайдалану және ауыл шаруашылығы аумақтарын дамыту мәселелері бойынша комитеттің кеңейтілген отырысы басталады.

Сағат 10.00-де Рыскелді қажы мешітінің аумағына баспасөз туры ұйымдастырылады.

Сағат 11.00-де Ақордада БАҚ саласындағы ҚР Президентінің гранттары мен сыйлық иегерлерін марапаттау рәсімі өтеді.

Сағат 11.00-де «Comfort Hotel Astana» қонақ үйінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен жарияланған және жыл сайын ұйымға мүше мемлекеттерде өткізіліп тұратын Азаптау құрбандарын халықаралық қорғау күніне арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Сағат 11:00-де Астана қаласының 20 жылдығы аясында ағылшын-голландтық «Шелл» концерні қалалық орталық саябақта қызғалдақ түріндегі арт-нысандарды орнатады.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Еуроодақ - Қазақстан: серіктестік пен ынтымақтастыққа 25 жыл» - Брюссельдегі тағылымдама» атты журналистерге арналған конкурс қорытындыланады.

Сағат 15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Global Silk Road» Жібек жолы елдерінің қалалары мэрлерінің форумының дайындығына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15.00-де Сенатта ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген бағыт - латын әліпбиіне көшу мен оны жетілдіру, қазақ тіліндегі терминология мәселесі бойынша Мәдениет және спорт министрімен кездесу өтеді.

Сағат 15.00-де Мемлекеттік кірістер комитетінде қаржылық есептер туралы ақпараттарды автоматты түрде алмасу туралы жауапты органдардың көпжақты Келісіміне қол қою рәсімі өтеді.

Сағат 16.00-де «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық филиалы елорданың Жастар мәслихатымен бірлесіп, елордадағы аз қамтылған отбасының балаларына арналған Бразилия джиу-джицу бойынша спорттық секцияны ашады.

Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Есірткі құралдарын шамадан тыс тұтыну жəне олардың заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күніне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

19.00-де Холл Энергия залында «Астана» II Дүниежүзілік театр фестиваліне ерекше қойылыммен келе жатқан театр ұжымдарының бірі - «TR Warszawa» театрының «Азап шеккендер» қойылымы өтеді.

 

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де «RIXOS» отелінде «Expo-Russia Kazakhstan» Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі ұйымдастырылады. Көрме энергетика, мұнай-химия мен газ өнеркәсібі, көлік құрастыру, металлургия, көлік, авиация және ғарыш, жоғары технологиялы және иновациялық салалар және өзге де тақырыптарда өтеді.

Сағат 11.00-де Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялық қызметінде «Есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істер» тақырыбында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Сағат 11.00-де «Тұран» университетінде Алматы қаласы №2 Қоғамдық кеңесінің комиссия отырысы басталады. Жиында Алматы қаласының жер қатынастары және жердің пайдалануын бақылау басқармасының баяндамасы тыңдалады.

Сағат 18.00-де «Mercure Almaty City Center» отелінде спорттық күнтізбенің ең маңызды шараларының бірі - Қазақстан Республикасының шосседегі велоспорт бойынша Ұлттық чемпионаты басталады.

  

АТЫРАУ

Сағат 9.00-де Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының алғашқы оқу жиыны өтеді

  

АҚТӨБЕ

Сағат 16:00-де Балалар жылы аясында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті қала әкімдігімен бірлесіп Тұңғыш Президент саябағында «Қауіпсіз балалық шақ» мерекесін ұйымдастырады.

Соңғы жаңалықтар