+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қазақстанда 250 оқушы ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырады

2018 жылғы 11 мамыр 11:24
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 250 оқушы ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудағы соңғы жаңалықтарды айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз грантты алу кезінде оқуа түсетіндер үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге уәде берген болатынбыз. Өз сөзімізде тұрдық. Енді «Алтын белгі» иегері өзге де мектеп түлектерімен балдары тең болған жағдайда ғана басымдықты құқыққа ие. Жалпы, ҰБТ-ны тапсыру форматы бұрынғысынша қалады. Тек қана сұрақтардың елеулі көлемі ауысты. Былтыр сұрақтардың 25 пайызын ауыстырған едік, биыл тағы да 25 пайызы өзгерді», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Е. Сағадиев ағымдағы жылы ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыру мүмкіндігі енгізілгенін еске салып өтті.

«250-ге жуық адам алғаш рет ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырады деп күтілуде. Дәл сол сұрақтар енгізіледі, ешқандай жеңілдік берілмейді. Яғни бұл оқушылардың өздерінің ниеті бойынша жасалып отыр», - деді министр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT