Қазақстанда 25 желтоқсан күні болатын маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 25 желтоқсан күні болатын маңызды шараларға шолуын ұсынады.

АСТАНА

10:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде Қазақстанның Азия бағыты бойынша сыртқы саясаты жөнінде үкімет сағаты өтеді.

10:00-де «Жеңіл өнеркәсіп саласындағы жетістіктер-2017» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

11:00-де «Атамекенде» «Астана-1» ақпараттық жүйесінің тестілеу кезінде туындаған мәселелер жайлы бейнеконференция жоспарланған.

13.30-да Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығында «UMC» корпоративті қоры Халықаралық еріктілер күніне орай шара ұйымдастырады.

«Ақордада»16.00-де Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековтің Қазақстанға ресми сапары басталады.

АЛМАТЫ

12:00-де «Grand Тянь-Шань» қонақүйінде әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған қалалық мәслихат депутаттарының шыршасы өтеді.

12:00-де «Атамекенім» акциясы аясында қалалық кәсіпкерлер палатасы мен «Дорогу молодым» қоры «Чтобы сбылись мечты ребёнка» акциясын өткізеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

16.00-де А.Винокуров атындағы орталықта ауыл жастарының ІІ қысқы ойындары басталады.

Соңғы жаңалықтар