Қазақстанда 25 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 25 маусым күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы басталады.

Сағат 10.00-де Назарбаев орталығында «Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауының финалдық іріктеу турына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 10.00 - де «Рэдиссон» қонақ үйінде-БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жобасы аясында финалдық конференция өтеді.

Сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында заңнамалық көмек партиялық жобасы аясында азаматтарды көшпелі қабылдау өтеді.

Сағат 15.00-де Қазмедиа орталығында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Сағат 15.00-де Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" РМҚК Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен бірлесіп елорда күніне орай "Қасиетті түркіден нұрлы жолды Нұр-Сұлтанға" көрмесін ұйымдастырады. Өтетін орны - Ұлттық музей.

Сағат 15.30-да мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында "kóshpendiler Álemi" атты IV Халықаралық Көшпенділер этномәдениетінің фестивалі өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де "Атакент-Экспо" аумағында BUSWORLD Central Asia 2019 автобус техникасының, аксессуарлар мен қызметтердің халықаралық көрмесі өтеді. Тақырып: Орталық Азиядағы автобус көлігі жүйесін дамытуға арналған.

Сағат 11.00-де "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің баспасөз орталығында Қазақстан зергерлер лигасы мен "Алмазный НТЦ" ALROSA TECHNOLOGY(Ресей) ЖШҚ баспасөз мәслихаты өтеді. Оның тақырыбы: Қазақстанның зергерлік нарығының өзекті мәселелері.

Сағат 11.00-де Аврора Спейс кеңістігінде климаттың өзгеруі, қоршаған орта және олардың елдің экономикасына әсері бойынша сараптамалық кездесу өтеді.

Сағат 11.00-де "Қазақстан" қонақ үйінде "Кипр" аналитикалық тобы және Алматы қаласының қоғамдық кеңесі Алматыда инклюзивті жоғары білім беру мәселелерін сараптамалық талқылауды өткізеді.

Соңғы жаңалықтар