+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Қазақстанда 25 мамырда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылғы 24 мамыр 21:00
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 25 мамырда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 25 мамырда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов №58 мектеп-гимназияда болатын «Сыңғырла, соңғы қоңырау» тақырыбындағы салтанатты іс-шараға қатысады.

Сағат 11.00-де Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев министрліктің жоғарғы оқу орындарының басшыларымен ведомстволық білімді ары қарай реформалау мен заман талабына сай жаңа форматтағы кадрларды даярлау бойынша мәселелерді талқылайды.

Сағат 11.00-де «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау науқанында атқарылған үгіт-насихат жұмыстарының аралық нәтижесі туралы брифинг өтеді.

Сағат 15.00-де «Дәулет» спорт кешенінің тұрағында белсенді жастар үшін «Экстрим толқыны» көше субмәдениеті фестивалі өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін Қазақ ұлттық онкология және радиология институтында онкологтар мелана мен тері ісігі бойынша тегін тексеру жүргізеді.

Сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Түлектер күнінің 85 жылдығы аталып өтеді.

Сағат 11.00-де Оқушылар сарайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерінің ІІ форумы өтеді.

Сағат 17.00-де Абай алаңында Заманауи Этникалық музыкаға арналған VII Халықаралық The Spirit of Tengri 2019 фестивалі өтеді.

Сағат 18.00-де Құрманғазы Оркестрінің концерт залында қазақстандық жұлдыздардың қайырымдылық концерті өтеді.

ШЫМКЕНТ

Сағат 08.30-да «Жайлаукөл» саябағында триатлоннан Азия кубогінің ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 09.00-де Шымкент Республикалық «Жас ұлан» мектебінде мектеп бітірушілерге арналған «Соңғы қоңырау» және мектептің 35 жылдығын атап өтуге арналған салтанатты іс-шара өткізіледі. Шараға ҚР Қарулы Күштерінде «генерал» атанған мектеп түлектері мен мәртебелі қонақтар қатысады.

Сағат 16.00-18.00 аралығында Дендрологиялық саябақта қала тұрғындары мен жастары арасында «7 көктемгі әуен» атты акция өткізіледі. Акция барысында Шымкент қаласының жастары 7 түрлі музыкалық аспаптармен (домбыра, гитара, флейта, қобыз, саксофон, скрипка және басқалар) өнер көрсетеді. Сондай-ақ, жастармен қызықты викторина ойындары жүргізіліп, нарколог маманның консультациясын алуға мүмкіндіктер бар.

Сағат 11.00-14.00 аралығында Орталық саябақта отбасы күніне орайластырылған «Бәрі - балаларымыз үшін!» Otbasy Fest атты кең көлемді іс-шара өткізіледі. Іс-шара барысында ата-ана балаларымен бірге «Менің қалам - таза қала», «Салауатты тағам- ұзақ өмір сүру кепілі», жол жүру ережесі мен алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелері туралы байқау, шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Басқа меморгандар,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT