Қазақстанда 25 қаңтар күні болатын маңызды оқиғалар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 25 қаңтар күні елімізде болатын маңызды оқиғалар тізбегін ұсынады.

АСТАНА

10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы.

11:00-де Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев баяндама жасайды.

11:20-да Үкімет үйінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен Жолдаудың сегізінші бағыты - туризм тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

15:00-де Атамекен ҰКП-да Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің отырысы өтеді. Онда ҚР Қорғаныс министрлігі мен ІІМ-де мемлекеттік тапсырыс заңнамасындағы талаптардың бұзылуы талқыланады.

АЛМАТЫ

10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Экологиялық генетика мен тәжірибелік биологияның маңызды мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Шара профессор Айтхажа Бигалиевтің 75 жылдығына арналады.

15:00-де Сұңқар трамплиндер кешенінде қалалық Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің ұйымдастыруымен сапасыз азық-түлік пен балалар тауарлары және халық тұтынатын тауарлардың сапасыздығына байланысты баспасөз мәслихаты өтеді. Онда санитарлық эпидемиологиялық сала мамандарының 2017 жылғы қорытындысы тыңдалады.

17:00-де Сорбонна-Қазақстан институтында «Идеялар түні» шарасы өтеді. Аталған шараның ауқымы кең. Онда халықаралық деңгейде ой-пікір алысуға, идеялармен бөлісуге болады.

19:00-де «Арман» кинотеатрында Райхан Рахимнің «Стамбулдан келген қазақ» деректі фильмінің тұсауы кесіледі.

Соңғы жаңалықтар