Қазақстанда 24 шілдеде өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 24 шілдеде өтетін маңызды оқиғалар тізімін ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Park Inn by Radisson қонақ үйінде АҚШ-тң Қазақстандағы Елшісі Уильям Мозер ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жаңа аппараттарды табыстау шарасына қатысады.

14.00-де «Астана» халықаралық қаржы орталығында Орталық Азия мен ТМД-да тұңғыш рет Ислам қаржы қызметтері бойынша кеңес (IFSB) отырысы өтеді.

15.00-де астаналық әкімдіктің баспасөз орталығында қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин «Мектепке жол» тақырыбында брифинг өткізеді.

16.00-де ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды.

АЛМАТЫ

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында «Ситуациялық қазақ тілі» оқулығының авторы Қанат Тасыбеков қазақ тілін үйрететін «Мәміле» пікірталас клубын таныстырады.

11.00-де «Алатау Гранд» бизнес-орталығында «Жас кәсіпкер» жобасының салтанатты ашылуы өтеді және бірінші лек қатысушыларын оқыту басталады.

14.30-да Экономика және мемлекеттік жергілікті басқару мәселелері бойынша қоғамдық кеңес комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді.

Соңғы жаңалықтар