Қазақстанда 24 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агентігі Қазақстан қалаларында 24 сәуірде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

8.30-да «Radisson Hotel Astana» қонақ үйінде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғыстан, Әзербайжан, Армения, Грузия елдері Парламент депутаттарының, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, қаржы, білім беру министрліктерінің қатысуымен Орталық Азия мен Кавказ елдерінде балалар мен жасөспірімдердің тамақтануын жақсарту жөнінде симпозиум басталады.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де «Думан» қонақ үй кешенінде «Машина жасаушылардың салалық кәсіби одағы» ҚҚ кезектен тыс IХ съезі өтеді.

11.00-де Қазақстан Орталық концерт залының мәжіліс залында ҚР Жастар жылына арналған 22-ші жыл сайынғы «Қазақстан аруы-2019» Ұлттық байқауы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де Ақордада Мажарстанның Премьер-Министрі В.Орбанның Қазақстанға ресми сапары басталады.

12.00-де ҚР Қарулы Күштерінің «Ұлттық әскери-патриоттық орталығының» мәжіліс залында Байқоңыр қаласының аудандық филиалының «Нұр Отан партиясының бір сәті», «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауларының жеңімпаздары марапатталады. Шара Nur Otan партиясының 20 жылдығына орайластырылған.

12.00-де Sputnik Казахстан мультимедиалық баспасөз орталығында Қазақстандағы паллиативті көмекті дамыту мәселелеріне арналған брифинг өтеді.

15.00-де «Wyndham Garden Astana» қонақ үйінде «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс XV құрылтайы өтеді. Съезд президенттік сайлауға қатысу және партия атынан үміткерлерді ұсыну мәселелерін қарастырады.

15.00-де Назарбаев орталығында «Президенттік институт - мемлекеттілікті нығайтудың факторы» дөңгелек үстелі өтеді. Іс-шараны ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы мен ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырады.

15.00-де ҚР Ұлттық музейінің 5 жылдығы мен Жастар жылы аясында ҚР Ұлттық музейінде «Мен жастарға сенемін!» атты шығармашыл жастардың кездесуі өтеді.

16.00-де Орталық сайлау комиссиясында лингвистикалық комиссияның отырысы өтеді.

16.00-де Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Парасат» қайырымдылық орталығы ашылады.

16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қатысуымен «2018 жылғы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту қорытындылары бойынша» баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Конкордия» театрында «Ақанов оқулары: денсаулық сақтаудың әмбебап қамтудағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ролі» атты студенттер, жас ғалымдар мен оқытушылардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

11.00-де «Атакент» орталығында «Securex 2019 - Күзет, қауіпсіздік, құтқару және өрттен қорғау құралдары» атты Қазақстанның 9-шы көрмесі өтеді.

11.00-де «Тұран» университетінде Алматы қаласының №3 қоғамдық кеңесі комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыста Қалалық ветеринарлық қызметтің 2018 жылғы қызметі және 2019 жылға жұмыс жоспары талқыланады.

19.00-де Республика сарайында 2019/20 күз бен қысқа арналған Kazakhstan Fashion Week ашылады.

ШЫМКЕНТ

10.00-де қалалық ҚР Мемлекеттік басқару академиясының филиалында облыстағы аудан, қалалық сайлау комиссиясы төрағаларына арналған оқыту семинарлары өтеді.

ҚЫЗЫЛОРДА

11.00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жыр мұра» жобасының ашылу салтанаты өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар