+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Қазақстанда 24 мамырда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылғы 23 мамыр 22:50
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 24 мамырда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 24 мамыр күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 9.00-де Астана хабында «Ашық деректер журналистикасындағы инновация» атты практикалық зертхана (Innovation and Motivation Data Lab) өтеді.

Сағат 9.00-де № 3 қалалық көпбейінді балалар ауруханасында Еуразиялық медициналық қауымдастық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі мәселелеріне арналған конференция өтеді.

Сағат 9.00-де ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті «Болашақ соғысы - Еуразиялық кеңістіктегі қорғаныс саясатын стратегиялық болжау және жоспарлау» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

10.00-де Мәжілісте «Ет және сүт өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және экспорттауды дамыту перспективалары» тақырыбында отырыс өтеді.

Сағат 10.00-де ҚР ІІМ-де ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ҚР күзет ұйымдары қауымдастығының президенті Анатолий Калининмен кездеседі.

Сағат 11.00-де Сенатта «Өңір» депутаттық тобының» отырысы өтеді.

11.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюрода брифинг өтеді.

12.30-да Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Қазақстанға ресми сапармен келеді.

15.00-де Ұлттық музейде Кеңес Одағының батыры, ҚР тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 95 жыл толуына орай «Даңқты қолбасшы - Сағадат сардар» атты дөңгелек үстел басталады.

15.00-де Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысы өтеді.

20.00-де «Қазақстан» ОКЗ-да INVICTUS FITNESS қолдауымен ҚР бодибилдинг федерациясы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының гран-при турнирі өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де The Ritz-Carlton қонақ үйінде XVI Еуразиялық Медиа Форумның үшінші жұмыс күні басталады.

Сағат 11.00-де ҚР Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия отырысы өтеді.

Сағат 11.30-да Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Наш милый доктор - 2» кинокартинасын шығаруға арналған баспасөз конференция өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT