Қазақстанда 24 мамырда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - »ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 24 мамырда өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

Сағат 9.00-де медициналық университетте урологтар мен андрологтардың I Халықаралық конгресі өтеді.

Сағат 10.00-де Әлихан Бөкейхан №15 мекенжайында Қазақстанның тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрес жүргізіп, опат болған тұлғаларды ақтау мен олардың мәңгі есте қалдыруға бағытталған «Қаһармандар» қоғамдық қоры кеңсесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Сағат 10.30-да «Қазақстандағы ғарыш күндері» мен «KADEX-2018» Халықаралық көрмесін өткізу аясында Ұлттық ғарыш орталығында Қазақстан, Ресей, Жапония елдерінің ғарышкерлері мен Астана қаласындағы мектеп оқушыларының кездесуі басталады.

Сағат 11.00-де Мәжілістің  Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Нұрлы Жер» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру барысы туралы» атты дөңгелек үстел өткізеді. Депутаттардың алдында Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев баяндама жасайды.

Сағат 11.00-де «Алпамыс» театр-цирк шоуы алаңында баспасөз туры басталады.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде теңге ілуден ІІ Азия чемпионаты мен аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатын өткізу туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 12.30-да «Хилтон» қонақүйінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің кезекті отырысы басталады.

Сағат 15:00-де «Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының аясында Қазақстан Республикасындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мен басқару тетігін жетілдіру» тақырыбында «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 15:00-де Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратының ғылыми залында Астананың 20 жылдығына арналған «Астана - Тәуелсіз Қазақстанның символы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Сағат 15.00-де Израильдің Қазақстандағы Елшілігі АЛЖИР музей-мемориалдық кешенінің аумағында ескерткіш тақтасын ашады.

Сағат 16.00-де Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалық етуімен шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтеді.

Сағат 16.30-да Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Ғажап Қытай. Аспан асты елінің тартымды орындары» фотокөрмесі ашылады.

Сағат 17.00-де Елбасы кітапханасында «Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыс» атты тұрақты экспозициясының салтанатты ашылуы болады. Экспозицияның ашылуы 23 маусымда жыл сайын атап өтілетін Халықаралық Олимпиада күнін мерекелеуге сәйкес келіп отыр. Іс-шара барысында Қазақстандағы Олимпиада қозғалысының айлығы басталады.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Философия, саясаттану және дінтану институты «Қазақстан қоғамын жаңғырту процесіндегі дін және зайырлылық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Сағат 10.30-да Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры Марат Оспанов атындағы қормен бірге балалар шығармашылығы мерекесін - «Мейірім» фестивалін ұйымдастырады.

Сағат 14.00-де Алматы қаласындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаңда Медеу ауданы әкімі Ержан Жылқыбаевтың азаматтардың кезекті көшпелі қоғамдық қабылдауын өткізеді.

ШЫМКЕНТ

Сағат 12:00-де Шымкентте түрлі мамандық иелері - 100 адамның қатысуымен флешмоб өтеді. Іс-шара Кәсіподақтар күніне арналады. Өтетін орны - Тәуелсіздік саябағы.

КӨКШЕТАУ

Сағат 11:00-де Көкшетау қаласының Достық үйінде «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізіледі.

Сағат 15:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Таласбаевтың қатысуымен «2018 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық және міндеттер туралы» брифинг өтеді.

АТЫРАУ

Сағат 12.00-де Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық - инновациялық даму басқармасы Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған ҚР өңірлерінде Астананың күндері аясында «Астана-Атырау облысының аймақаралық ынтымақтастық бизнес-форумын өткізеді. Шараның өтетін орны - Облыс әкімдігінің 2-қабатындағы мәжіліс залы.

АҚТӨБЕ

Сағат 11.00-де Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қаланы дамытудың бас жоспары. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу, жер учаскелерін түгендеу» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 14.30-да Шығармашылық академиясында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша үздік отбасыларды салтанатты марапаттау рәсімі болады.

Соңғы жаңалықтар