Қазақстанда 24 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 24 қазан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де ЭКСПО аумағында «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтеді.

Сағат 09.00-де Қазмедиа орталығында алғаш рет заң, бизнес, ғылым, білім т.б. саланың және «Жас Отан» жастар қанаты өкілдерінің қатысуымен латынграфикалы жаңа әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланады.

Сағат 09.00-де Тәуелсіздік сарайында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VI Съезі өтеді.

Сағат 09.00-де «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының XI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Сағат 09.00-де Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да Қазақ әдебиетінің классигі С.Сейфуллиннің 125 жыдлық мерейтойына орай «Сәкен Сейфуллин: тұлға және уақыт» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталады.

Сағат 10.00-де «Radisson Hotel Astana» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Роман Скляр мен Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Александр Турчиннің төрағалығымен Қазақстан-Беларусь бизнес-форумы өтеді.

Сағат 10.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру мәселелері жөнінде баспасөз конференциясы басталады.

Сағат 11.00-де «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-да Қазақстанның азаматтық авиацияны реттеудің британдық үлгісіне көшу бойынша техникалық қолдау көрсету туралы жобаны іске қосуға арналған баспасөз конференциясы басталады.

Сағат 11.00-де «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәкен Бақтияр Мәкенұлының қатысуымен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізіледі.

Сағат 14.00-де Сенатта коллекторлық жұмыс туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде халықаралық «Өнердегі доп» арт-көрмесі салтанаттытүрде ашылады.

Сағат 15.00-де «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев азаматтарды қабылдайды.

Сағат 16.00-де «Nur Otan» партиясының орталық ғимаратында «Адам мен этникалық азшылықтың құқығын қорғау» атты дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 17.00-де ҚР Ұлттық музейінде «National Geographic Qazaqstan» журналы мен Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен консулдығының бірлесе ұйымдастыруымен «Сіз ойлағаннан да жақын... Америка мен Қазақстан» атты фотокөрменің ашылу салтанаты басталады.

Сағат 19.00-де «Qazaqstan» орталық концерт залында Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Astana musical» мемлекеттік театры «Шаңырақ» музыкалық спектаклінің премьерасын ұсынады.

АЛМАТЫ

Сағат 14.00-де «Республикалық протезді-ортопедиялық орталық» АҚ-та «Протезді-ортопедиялық саладағы жаңаша технологиялар мен өнімдер» атты семинар қорытындысы бойынша брифинг өтеді.

Сағат 16.00-де «Тұран» университетінде Алматы қаласының қоғамдық кеңес мүшелері ақылы автотұрақтар желісін кеңейту, шаһарда велосипед инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылайды.

КӨКШЕТАУ

Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрбек Қайыржанов журналистермен «Халықтың мемлекеттік қызметтерді алудағы жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында брифинг өткізеді.

Соңғы жаңалықтар