Қазақстанда 23 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 23 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.НҰР-СҰЛТАН

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де Мәжілісте «Үкімет сағаты» басталады. Тақырыбы - «Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның 27-қадамын іске асыру аясында жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамыту».

Сағат 10.00-де Hilton Astana қонақ үйінде Заттар интернеті (IoT), цифрландыру және Қазақстанда жасанды интеллект енгізу бойынша ірі салалық шара – 3rd IoT Forum Kazakhstan 2019 халықаралық форумы өтеді.

Сағат 12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 16.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжановтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтар федерациясының «Әлеуметтік-еңбек саласындағы жағдай. Кәсіптік одақтар көзқарасы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 16:00-де «Алматы мұражайының» көрме залында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студентерінен құралған шығармашыл жастардың 10-мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар