Қазақстанда 23 сәуір күні ауа сапасы қандай болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 23 сәуір күнгі метеорологиялық жағдай Қазақстанның 3 қаласында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасай отырып.

Синоптиктердің мәліметтері бойынша, Ақтөбе, Атырау, Нұр-Сұлтан қалаларында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, яғни ауа ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар