Қазақстанда 23 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 23 қараша күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 15.00-де ҚазҰӨУ Орган залында Қазақстанның Халық әртісі, профессор, «Құрмет» орденінің кавалері, хормейстер Хорлан Ихсанқызының 75 жасқа толуына шығармашылық кеш ұйымдастырылады.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де Astana Hub Метрополитен технопаркі Tech Garden-де стартап-кәсіпкерлікті дамытудың ақысыз бағдарламаларын таныстырады.

Сағта 09.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Тұңғыш Президент күні мен Халықаралық зағиптар күніне орай Медеу ауданы әкімінің кубогына арналған «Голбол» паралимпиадалық ашық турнир өтеді.

Сағат 10.00-де Жастар жылы аясында Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Jastar Sammiti - 2019 өтеді. Оның мақсаты - белсенді жастардың қоғамдағы танымалдылығын арттыру және алға қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру. Өтетін орны: «SmArt.Point» коворкинг орталығы.

Сағат 10.00-де «Атакент» көрме-конвенция орталығы пауэрлифтингтен және стенд престен WRPF бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатын өткізеді. 250 спортшы платформада үш тәртіп бойынша жарысады: артқы жағында штангалары бар жаттығулар, горизонтальды орындықта орналасқан стендтік пресс және дедлифт штанганы көтеру. Үш бәсекелік жаттығудың нәтижелері бойынша әр салмақ дәрежесіндегі үздіктер анықталады.

Соңғы жаңалықтар