Қазақстанда 23 қараша күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 11:00-де онлайн-трансляция арқылы брифинг өтеді. Тақырыбы: «Мал ұрлығымен күрес». Спикер ҚР ІІМ-нің Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев.
Сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Хусейн бен Талал 25 мекенжайында орналасқан «Wyndham Garden Astana» қонақүйінде Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс XVI съезі өтеді.
Сағат 12:30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК-да баспасөз-мәслихаты өтеді. Тақырыбы: «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірлік даму туралы». Спикер: Гүлшара Әбдіқалықова. Сілтемелер: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru.facebook.com/ortcomkz
Сағат 10:00-де онлайн форматта IX Азаматтық форум өтеді.
Сағат 14:30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК-да баспасөз мәслихаты өтеді. Тақырыбы: «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірлік даму туралы». Спикер: Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов.
АЛМАТЫ
Сағат 11:30-да Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында профилактикалық тексеруге байланысты онлайн-сұхбат өтеді. Спикер: №19 қалалық емхананың бас дәрігері Кәмшат Айтқазина.