Қазақстанда 23,5 мың науқас коронавирустан емделіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 ақпандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

15 ақпандағы мәлімет бойынша, 23 542 адам короновирус инфекциясынан (14 722 КВИ+ және 8 820 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 5 339 пациент стационарда, 18 203 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирусқа шалдыққандар арасында:

• 249 адамның жағдайы ауыр;

• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Соңғы жаңалықтар